Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік командаға екінші техникалық жеңіліс жазылды

Футбол "Оренбург" командасының сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін "Оренбур" командасына екінші техникалық жеңіліс жазылды, деп хабарлайды Vesti.kz

Команда "Урал" ұжымына қарсы кездесді өткізе алмайды. Себебі, команда ойыншыларының тапрсынған тестінен коронвирус анықталып отыр

""Оренбург" команда ішінде вирустің шығуына байланысты Ресей біріншілігіндегі "Уралға" қарсы кездесу өткізуге рұқсат ала алмады. Вирус анықталған ойыншылардың барлығы оқшауланып жатыр", - делінген команданың таратқан ақпаратында. 

Еске салайық, Ресей біріншілігінің өткен турында "Оренбург" "Краснодарға" қарсы ойнау керек болатын. Бірақ, ол кезде де команда ойынға жіберілмей, техникалық жеңіліс жазылды. 




Метки:
Жаңалықтар