Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік командада эпидемия басталды

"Оренбург"©
Ресейлік "Оренбург" клубының бірнеше футболшысы және қызметкерлері вирус жұқтырған, деп хабарлайды комментатор әрі инсайдер Нобель Арустаян. Бұл клубтың сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсетеді. 

Қай футболшылардың вирус жұқтырғанын Арустамян нақтыламады. Команда карантинге кетті. 

""Оренбургте" де эпидемия! Менің білген мәліметім бойынша, бірнеше футболшы және клубтың қызметкерлері вирус жұқтырған. Барлығы қайта тест тапсыратын болады. Команда карантинге кетті", - деп жазды Арустамян. 

Команданың келесі ойыны 27 маусым күні "Краснодарға" қарсы өтеді. "Краснодар" болса әлі ойнаған жоқ. Өйткені, "Динамоға" қарсы жоспарланған кездесу 19 шілдеге ауыстырылды. 

Мамыр айының соңында "Оренбургтің" бас бапкері Платон Захарчуктан вирус шығып еді. Ал шабуылшы Андреа Чуканова, жартылай қорғаушы Филип Рогич пен Жига Шкофелка және физикалық дайындықты қадағалайтын бапкер Евгений Стукаловтан антидене табылды. 

Үзілістен кейін жалғасқан біріншілікте "Оренбург" бір ойын өткізді. Мәскеулік "Локомотивпен" болған кездесу олар 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Жаңалықтар