Исламбек Қуат карьерасын ресейлік клубта жалғастыруы мүмкін

Исламбек Қуат. Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ресейлік "Химки" клубына қосылуы мүмкін.

Бұл трансфер ұлттық құрамалардың ойындарына арналған үзіліс кезінде болуы мүмкін. Қуатпен бірге "Химки" командасымен Беларусь құрамасы мен "Динамо-Брест командасының" қорғаушысы Александр Павловц келісімшарт жасайды.

"Химки" командасы Ресей біріншілігінің алтыншы турынан кейін үш ғана ұпай жинап, 15-орында келе датыр.

Ал Қуат болса қаңтар мен шілде аралығында ресейлік "Оренбург" командасында ойнады. Маусым қорынытдысы бойынша бұл команда Ресей біріншілігінен шығып қалды. Қуат үш ғана кездесуге қатысты.

Айта кетейік, 27-жастағы Қуатты түркиялық "Самсунспорт" және бресейлік "Динамо", "Ротор" және "Ахмет" секілді командаларға ауысуы мүмкін деген ақпараи шыққан болатын.

Қуат жуырда Қазақстан құрамасына шақырту алды. Біздің құрама алдағы уақытта Ұлттар лигасы лоласында Литва және Беларусь құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.
Метки:
Жаңалықтар