КПЛ
13 наурыз 2017 19:50
 

Хайруллиндей хас шебермен ортада доп тебу керемет - Дәурен Қайраллиев

  Пікірлер

blog.share

Хайруллиндей хас шебермен ортада доп тебу керемет - Дәурен Қайраллиев "Атырау" ФК ресми сайтынан

Қазақстан біріншілігінің 2-тур аясындағы "Ордабасыға" қарсы кешегі матчты толық ойнап шыққан "Атырау" футбол командасының түлегі Дәурен Қайраллиев клубтың баспасөз қызметіне берген қысқаша сұхбатында ойыннан алған әсерімен бөлісті.

- Дәурен, биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпай құтты болсын! Матчтан кейінгі өз әсеріңмен бөлісіп өтсең.

- Рақмет. Біздер үшін матч өте қиынға соқты, әрине, оның үстіне ойынның соңғы минутында гол жібергеніміз ауыр әрі өкінішті болды. "Ордабасы" сияқты командамен сырт алаңда ойнаған қай кезде болса да оңай емес.

- Сол эпизодта расымен айып добы болды ма?

- Бір қарағанда, төреші бізге қарсы ойнағандай көрінді. Бірақ, сол сәттіе, бәлкім, расымен ереже бұзылған да шығар.

- Бүгінгі матчты толық ойнап шықтың. Бастапқы құраммен алаңға шығатыныңды қашан білдің?

- Негізі, лимитші ретінде ойнап жүрген кезде де толық ойнаған матчтарым болған. Ал бүгін, тап матч алдында бас бапкер командаға тапсырма беру кезінде менің бастапқы құраммен шығатынымды айтты. Оған дейін білген жоқпын. Кәдімгідей күнделікті жаттығуымды жасап жүре бердім. Мүмкін, ойнағанымды бапкерлік штаб қажет деп тапқан болар.

- Жалпы, өз ойыныңа көңілің толды ма?

- Бұл жайлы бапкерлер айтуы керек деп ойлаймын. Бірақ, тірек жартылай қорғаушы ретінде Джокичпен бірге ойнау маған ұнады. Біз Йован екеуміз Мараттың төмен ойнадық. Хайруллиндей хас шебермен ортада доп тебу тіпті керемет десем болады. Бір білетінім, әлі де өзім үшін көп жұмыс жасауым керек. Дәл осылай жаттыға беретін болсам, бапкерлер де көбірек сенім артады деп санаймын. Оларға артқан сенімдері үшін рақмет айтамын. Дегенмен, қайталап өтейін, бүгінгі ойным жайлы олар жақсырақ айтып бере алатын шығар.

blog.share
Қазақстан біріншілігінің 2-тур аясындағы "Ордабасыға" қарсы кешегі матчты толық ойнап шыққан "
Атырау" футбол командасының түлегі Дәурен Қайраллиев клубтың баспасөз қызметіне берген қысқаша сұхбатында ойыннан алған әсерімен бөлісті.

- Дәурен, биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпай құтты болсын! Матчтан кейінгі өз әсеріңмен бөлісіп өтсең.

- Рақмет. Біздер үшін матч өте қиынға соқты, әрине, оның үстіне ойынның соңғы минутында гол жібергеніміз ауыр әрі өкінішті болды. "Ордабасы" сияқты командамен сырт алаңда ойнаған қай кезде болса да оңай емес.

- Сол эпизодта расымен айып добы болды ма?

- Бір қарағанда, төреші бізге қарсы ойнағандай көрінді. Бірақ, сол сәттіе, бәлкім, расымен ереже бұзылған да шығар.

- Бүгінгі матчты толық ойнап шықтың. Бастапқы құраммен алаңға шығатыныңды қашан білдің?

- Негізі, лимитші ретінде ойнап жүрген кезде де толық ойнаған матчтарым болған. Ал бүгін, тап матч алдында бас бапкер командаға тапсырма беру кезінде менің бастапқы құраммен шығатынымды айтты. Оған дейін білген жоқпын. Кәдімгідей күнделікті жаттығуымды жасап жүре бердім. Мүмкін, ойнағанымды бапкерлік штаб қажет деп тапқан болар.

- Жалпы, өз ойыныңа көңілің толды ма?

- Бұл жайлы бапкерлер айтуы керек деп ойлаймын. Бірақ, тірек жартылай қорғаушы ретінде Джокичпен бірге ойнау маған ұнады. Біз Йован екеуміз Мараттың төмен ойнадық. Хайруллиндей хас шебермен ортада доп тебу тіпті керемет десем болады. Бір білетінім, әлі де өзім үшін көп жұмыс жасауым керек. Дәл осылай жаттыға беретін болсам, бапкерлер де көбірек сенім артады деп санаймын. Оларға артқан сенімдері үшін рақмет айтамын. Дегенмен, қайталап өтейін, бүгінгі ойным жайлы олар жақсырақ айтып бере алатын шығар.

Жарнама

Живи спортом!