ҚПЛ
27 шілде 2020 15:52

Грузиялық легионер қазақстандық клубтан кетті

Тамаз Цецхладзе. Сурет "Қызыл-Жар СК"©
Грузия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Тамаз Цецхладзе "Қызыл-Жар СК" командасынан кетті, деп хабарлайды Айдын Қожахмет телеграм-каналында. 

23 жастағы футболшы негізгі құрамнан орын ала алмады. Сондықтан да бағын басқа клубтан сынап көруге ниетті. Биыл ол ел біріншілігінде үш кездесуге қатысты. Оның біреуінде ғана негізгі құрамда алаңға шықты. 

"Қызыл-Жар СК" командасына қорғаушы қыста келген болатын. Оған дейін Цецхладзе Отанында "Торпедо", "Гардабани" және әзірбайжандық "Сабаил" сапында ойнаған.