Грузия чемпионатының үздік сұрмергені қазақстандық клубтармен келіссөздер жүргізуде

Сурет "Дила" командасының сайтынан алынды.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Грузия чемпионатының ең үздік футболшыларының бірі Николай Ковталюк жақын арада Қазақстанға қоныс аударуы мүмкін.

25 жастағы украиналық шабуылшы Грузия чемпионатының соңғы маусымында турнирдің үздік сұрмергені атанды. "Дила" сапында 16 матч өткізіп, он гол соқты. Одан бөдек, Ковталюк чемпионаттың ең мықты легионері деп танылды.

"Дила" клубы өзінің көшбасшы футболшысын сақтап қалуға қарсы емес, бірақ Ковталюктің өзі мықты чемпионатта бағын сынап көргісі келеді. Оған Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.

Ковталюк украиналық "Карпаты", "Полтава", "Арсенал", "Колос" командаларының, Грузияның "Колхети-1913" және "Динамо" (Тбилиси), сондай-ақ, оңтүстік кореялық "Аньянг" клубының намысын қорғаған
Метки:
Жаңалықтар