КПЛ
20 желтоқсан 2017 12:37
 
Германия жастар құрамасының бұрынғы футболшысы қазақстандық клубтардың біріне ауысуыдан бас тартты

  Пікірлер

blog.share

Германия жастар құрамасының бұрынғы футболшысы қазақстандық клубтардың біріне ауысуыдан бас тартты Вилли Евсеев. Сурет: sports.ru

Теміртау қаласының тумасы, қазіргі уақытта германиялық "Ганза" клубы сапында өнер көрсетіп жүрген Вилли Евсеев қазақстандық клуб сапына ауысудан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Футболшы карьерасын Германияда жалғастыруға ниетті. 

25 жастағы Евсеев жас кезінде әке-шешесімен бірген Германияға көшіп кеткен. Ол жақта Вилли "Ганновер 96" клубының мектебінде футболдың әліппесін үйренді. 

2013 жылы жартылай қорғаушы "Вольфсбург" сапына ауысады. Бұл команданың сапында Бундеслигада бірінші кездесуін де өткізеді. Жалпы қала аттаса клубтың сапында ол үш кездесу өткізіп, 2014 жылы "Нюрнберг" клубымен үш жылдық келісімшарт жасаған болатын. Бірақ ол жерде де жас футболшы өзін жақсы қырынан көрсете алмай, төменгі лигаларда өнер көрсететін клубтарға жалға берілді. 

2017 жылдың жазында Вилли Евсеев үшінші Бундеслигада өнер көрсететін "Ганза" клубына тегін ауысып келді. Бундеслиганың бірінші айналамында Евсеев ростоктық клуб сапында 13 ойын өткізіп, үш гол және екі нәтижелі пас берді. 

2017 жылдың қаңтарында ол "Қайратпен" бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Алматылық клуб сапында ол екі ойынға қатысқан еді. Бірақ кейіннен ол Германияға қайта оралы, "Ганзаға" Екінші Бундеслига көтерілуге көместемін деп шешті. Орайы түскенде айта кетейік, қыста жартылай қорғаушыға петербурлық "Зенит" те қызығушылық білдірген еді. Бірақ ол Ресейге де көшуге келісім бермеді. 

Евсеев Германияның жастар құрамасы сапында да ойнады. Кейіннен ол Қазақстан құрамасы сапында да өнер көрсетуге дайын екенін айтты. Алайда сол күйі біздің басты құрамамызға шақырту алмады. 

Жарнама

Живи спортом!