"Ақтөбе" футбол клубы 30 жастағы жартылай қорғаушы Георгий Жуковты қатарына қосты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
– “Ақтөбе” футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков клубпен ресми түрде келісімшартқа қол қойды. Жуков тәжірибелі, әмбебап ойыншы ретінде Вячеслав Левчуктың командасында маңызды рөл атқарады деп күтілуде, - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ойыншы соңғы жылдары “Қайрат”, “Висла” Краков, “Цанчжоу Майти Лайонс”, және польшалық “Пуща” командаларында ойнады. Сондай ақ, Жуков Қазақстан Ұлттық құрамасында 20-дан астам матч өткізіп үлгерген.
Жарнама