auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Гэлаксимен" келісіп қойған едім. Бірақ менің орныма Ибрагимович келді - Деспотович америкалық клубқа ауыспай қалғаны туралы айтып берді

Бұл трансфер үшін "Астана" миллион доллар алу керек еді.

"Гэлаксимен" келісіп қойған едім. Бірақ менің орныма Ибрагимович келді - Деспотович америкалық клубқа ауыспай қалғаны туралы айтып берді
Джордже Деспотович. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
"Астана" клубының шабуылшысы Джордже Деспотович novosti.rs порталына берген сұқбатында америкалық "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына қалай ауыспай қалғаны туралы айтып берді. 

26 жастағы шабуылшы наурыз айының басында "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына ауысуға жақын болған еді. Сербиялық БАҚ америкалық клубтың шабуылшы үшін бір миллион еуро төлейтінін де жазды. 

"Мен "Гэлаксимен" келісіп қойған едім. Келісімшарт жасадым. Олар маған менің "Гэлакси" клубының ойыншысы екенімді айтты. Бірақ мен виза күтіп жатқанымда Ибрагимович күтпеген жерден "Манчестер Юнайтед" клубынан кетті. Жағдай күтпеген жерден өзгеріп кетті сөйтіп. Олар Ибрагимовичті таңдап, "Астанамен" келісімшарт жасамағандықтарын пайдаланып кетті. 

Қазір мен Қазақстандамын. Не боларын көреміз енді. Қазіргі уақытта мен адвокаттармен "Гэлаксиді" сотқа беруге болады ма, жоқ па ақылдасып жатыр", - деді Деспотович. 

Осы жағдайдан кейін Деспотович "Астана" клубында қалды. Бірақ "Ақжайыққа" қарсы кездесуден (3:0) кейін, елордалықтар сапында мүлде ойнамады. Кеше шабуылшы "Астананың" жастар клубы сапында ойнап, "Таразға" қарсы өткен кездесуде гол соқты. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар