"Футболға қытысы жоқ себептер бар". Минасян "Тараздың" сәтсіздігі туралы
Жамбылдық "Тараз" командасының бас бапкері Вардан Минасян Vesti.kz порталына берген сұхбатында неге команда он ойын бойы жеңіске жете алмай келе жатқанын түсіндірді.
Жамбылдық "Тараз" командасының бас бапкері Вардан Минасян Vesti.kz порталына берген сұхбатында неге команда он ойын бойы жеңіске жете алмай келе жатқанын түсіндірді.
"Кейінгі жеңілістердің себебі біреу емес. Тіпті екеу де емес. Өте көп. Футболға қатысы бар себеп те жоқ емес. Сонымен қатар, футболға қытысы жоқ себептер бар екенін жасыра алмаймын", - деді армениялық маман.
Айта кетейік, "Тараз" командасының қатысумен өткен бірнеше кездесуде төрешілер күмәнді шешім шығарды. Тарқатып айтсақ, "Тұранмен" өткен ойында түркістандықтардың ойыннан тыс қалғанын есептемеді. Ал "Ақжайыққа" қарсы кездесуде төреші "Тараз" қақпасына қателесіп пенальти белгіледі. Бірақ қайталауда Марат Шахметов қолмен ойнамағаны анық көрінді.
Негізі биылғы маусымды "Тараз" сәтті бастаған болатын. Тіпті көшбасшылардың қатарында болды. Бірақ кейін клуб төмен сырғып, қазір турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Енді 19 турда Минасянның командасы өз алаңында "Каспийді" қабылдайды.
Жарнама