auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Футболдан Қазақстан чемпионаты қашан аяқталатыны белігілі болды

Футболдан Қазақстан чемпионаты қашан аяқталатыны белігілі болды
Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан чемпионатының мәресіне қашан жететіні белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан чемпионаты желтоқсан айында аяқталуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ ішкі біріншіліктегі көптеген командалардың футболшылармен келісімшарттары қарашаның соңында бітеді. Ал журналист Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, көптеген командалар футболшылармен тағы бір айға келісімшарт жасауға шамалары келмейді екен. 

Сондықтан да клубтар жуық арада ҚФФ тарапынан қалған турлардың қалай өтетіні туралы ақпарат алған. 

Ол жоспар бойынша қараша айында ҚПЛ-де үзіліс болады. Өйткені келесі айда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында ойнайды. Біздің ұжым 11 қараша күні Черногория құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізсе, 15 және 18 қараша күндері Албания мен Литва құрамаларымен кездеседі. 

Бірақ ол үзіліске дейін ішкі біріншіліктің үш туры өтеді. Тарқатып айтсақ. 16-тур (30, 30 қазан\(, 17-тур (3 және 4 қараша), ал 18-тур (7-8 қараша) өтеді. 

Қалған турларды командалар ұлттық құрамаға берілген үзілістен кейін ойнайтын болады. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты биыл ҚПЛ ойындары 11 турға қысқарды. Негізі 33 тур болуы керек еді. Қазір 22 тур болатын болды. 

Дәл қазіргі уақытта турнир кестесінің көшбасында "Қайрат" командасы келе жатыр. Алматылық команданың еншісінде 38 ұпай бар. Ал "Астана" және "Ордабасы" командаларында 27 ұпай. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама