Футболдан Қазақстан біріншілігінде командалар саны артуы мүмкін

Сурет: ҚКФЛ
Бүгін, 11-қаңтар күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін командалар біріншілікке қатысушылар саны артуы мүмкін екені туралы хабарлама алды,- деп жазады Айдын Қожахмет телеграм-каналында. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімі бойынша, 2021 жылы ішкі біріншілікте 14 команда ойнауы мүмкін. Дәл қазір нақты қай командалардың қосылатыны белгісіз. Бірақ бұл "Арыс" және "Ақжайық" ұжымдары болуы мүмкін. 

Еске салайық, 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Оқжетпес" біріншіліктен шығып қалып еді. Ал "Ақтөбе" мен "Атырау" премьер-лигаға жолдама алған болатын. 




Метки:
Жаңалықтар