Оның мәліметі бойынша, 25 маусым күні клубтардың барлығы алдағы кездесулерде қазылық жасайтын төрешілердің тізімін алған екен.
"Қазақстан біріншілігі 1 шілде күні басталады дегенге тағы бір дәлел - алдағы кездесулерге төрешілер тағайындалып қойды. Клубтар бүгін алдағы кездесулерде қазылық жасайтын төрешілердің тізімін алды", - деп жазады Қожахмет.
Еска салайық, ел біріншілігі 16 наурызда тоқтатылған болатын. Індет алдында "Астана" жеті ұпаймен көш бастаса, "Қайрат" пен "Қайсардың" еншілерінде алты ұпайдан. Бірақ соңғы екі клуб бір ойынға кем матч өткізген.
.