"Жақын арада Аакмальдың карьерасын қайда жалғастыратынын анықтаймыз деп ойлаймын. Еуропаға көшіреміз деген идея болған. Бірақ пандемияға байланысты ол жаққа бару мүмкін емес.
Шамамен ол Ресейде қалатын шығар. "Сочи" Бахтияровпен келісімшартты ұзартқысы келеді. Алайда бізде басқа да ұсыныстар бар. Клубтағылардың Акмальға көңілі толады. Дегенмен қазір команда Акмальдың оң жамбасына келетін схемамамен ойнап жатқан жоқ. Сол үшін ол құрамға жиі іліге алмай жатыр.
Акмаль - техникасы толысқан, жылдап, соққысы да мықты ойыншы, Аршавинге ұқсайды. Бірақ бүкіл қапталда ойнап жүріп ол көп күш жоғалтады. Сондықтан нақты шешім жоқ. Бірнеше күннен кейін Акмальдың келісімшарты аяқталады", - деді Селюк.
Айта кетейік, биыл Ресей біріншілігінде Акмаль "Сочи" сапында екі кездесуге ғана қатысды. Ал оның командасы 12 орын алды. Ресей чемпионатының жаңа маусымы 8-9 тамызда басталады.