Франциялық легионер қазақстандық командадан кетті
Сурет "Каспий" сайтынан алынды.
Франциялық жартылай қорғаушы Уаджи Сали "Каспий" командасынан кетті. Бұл туралы инсайдер Айдан Қожахмет хабарлады.
Франциялық жартылай қорғаушы Уаджи Сали "Каспий" командасынан кетті. Бұл туралы инсайдер Айдан Қожахмет хабарлады.
Шыққан тегі тунисті футболшы жаңа команда да тауып үлгерген. Енді ол грекиялық "Апполон" сапында өнер көрсетеді.
24 жастағы Сали актаулық команда сапында биыл 21 кездесуге қатысып, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Еске салайық, "Каспий" Қазақстан біріншілігінің 19-турынан кейін 24 ұпай жинап, сегізінші орында келеді.
Жарнама