КПЛ
27 ақпан 2017 15:14
 
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық клубтардың біріне ауысу ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық клубтардың біріне ауысу ықтимал ©Readfootball

Қазанның "Рубин" клубының жартылай қорғаушысы Динияр Билялетдинов қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Билялетдиновтің "Рубинмен" жуық арада келісімшарт аяқталады. Ал клуб басшылары онымен шартнама ары қарай ұзартқысы келмейді екен. Сондықтан қазір клбу футболшыға жаңа жұмыс орнын қарастырып жатыр. 

"Мамыр айында Диниярдың клубпен келісімшарты аяқталады. Біз келісімшартты ары қарай созбаймыз. Қазір ол да, біз де клубтардың ұсынысын қарастырып жатырмыз. Мұндай тәжірибелі футболшы жұмыссыз қалмайды деп ойлаймын. Қазақстандық клубтардың бірі Билялетдиновке және Владимир Дядюнге қызығушылық білдіріп отыр. Біз ол ұсыныстарды да қарастырып жатырмыз", - дейді "Рубин" клубының спорттық директоры Ильгиз Фахриев "РСпорт" басылымына. 

Айта кетейік, Билялетдинов "Рубин" сапына 2015 жылдың жазында ауысып келген еді. Сол уақыттан бері ол қазандық клуб сапында 14 ойынға қатысып, 2 гол соқты. 

Жалпы карьерасында жартылай қорғаушы Локомотив (Мәскеу), Эвертон, Спартак (Мәскеу), Анжи, Торпедо (Мәскеу) секілді клубтардың намысын қорғаған. 

Ал Ұлттық құрама сапында 32 жастағы футболшы 46 кездесуге қатысып, 6 гол соққан. Ұлттық құрамасымен бірге ол 2008 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған. 

Жарнама

Живи спортом!