Елордалық "Астана" командасының шабуылшысы Рангело Янга кипрлік "Аполлон" сапын ауысты, деп хабарлайды Sigmalive.com порталы.
Лимасол қаласының командасы Кюрасао құрамасының шабуылшысын 2022 жылға дейін жалға алды. Егер шабуылшы команда бапкерлерінің көңілінен шығып жатса, тағы бір жыл қалуы мүмкін. Келісімшарт Янганың медициналық бақылаудан өткенінен кейін жасалады.
Еске салайық, шабуылшы "Астана" сапына 2018 жылы ауысты. Бірақ елордалық командада дұрыс ойнай алмады. Содан кейін швейцариялық "Лугано" және нидерландылық НЕК командаларына жалға берілді.
Transfermarkt бұл футболшыны 600 мың еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, "Апполон" командасы өз елінде үш мәрте чемпион болған.