Еуро-2020 финалындағы төреші "Астана" матчіне қызмет етеді

Сурет: dfb.de©

Германиялық Бастиан Данкерт бастаған төрешілер Конференция лигасында елордалық "Астана" мен грекиялық "Арис" командалары арасындағы кездесуде жұмыс істейді, деп жазады KazFootball.kz порталы.

Данкерт "Уэмбли" стадионыда өткен Италия мен Англия арасындағы Еуро-2020 турнирінің финалында жұмыс істеді. Ол бейнақайталау жүйесінде бас төрешінің көмекшісі болды. 

Бастиан Данкерт - Еуропадағы ең қатал төрешілердің бірі. Орташа есеппен ол бір ойында төрт сары қағаз көрсетеді.

Еске салайық, "Астана" мен "Арис" арасындағы кездесу 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ойын 19:00-де басталады.

Метки:
Жаңалықтар