Это'О мен Роберто Карлостың командаласы болған футболшы қазақстандық клубқа ауысудан бас тартты

Али Гаджибеков. Сурет: soccer.ru©
Ресейлік қорғаушы Али Гаджибеков бірнеше қазақстандық клубпен келіссөз жүргізіпті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қорғаушыны "Тараз" және "Оқжетпес" командаларына қатарына қосқысы келген екен. Гаджибековтің өзі Қазақстан біріншілігіне ауысуға ниетті болған. Біраұ соңғы сәтті райынан қайтып, Ресейде қалу туралы шешімге келген. Ол Екінші лигада ойнайтын "Чайка" командасымен келісімшарт жасаған. 

30 жастағы Гаджибеков "Анжи" футбол клубының тәлімгері. Бұл клубтың сапында ол 2006 және 2016 жылдары өнер көрсеткен. Махачкала командасының сапында ол "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Сауэль Это'О, "Реалдың" бұрынғы жұлдызы Роберто Карлас сондай-ақ Лассана Диарра мен Виллианмен бірге ойнаған. 

Жалпы "Анжи" сапында Гаджибеков 168 кездесу өткізіп, үш гол соққан. 




Метки:
Жаңалықтар