"Жақсы ақша, үлкен мүмкіндік, мықты әрі замануи бапкер және ең бастысы қаржылық тұрақтылық - мұның барлығы қостанайлық клубта бар. "Қайсар", "Оқжетпес" және "Қызыл-Жар СК командалары бұл талаптарды орындай алмайтын еді", - деп жазды Қожахмет.
"Ертіс" сапында Фонсека 2015 жылдан бері ойнап келді. 127 кездесуде ол 19 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. 2016 жылы ол павлодарлық клубпен бірге ел біріншілігінде қола жүлде жеңіп алды.
30 мамыр күні Фонсека ерткін агент атанды. Өйткені, "Ертіс" Қазақстан премьер-лигасынын шығып қалғанын хабарлады. Қазақстанға келерге дейін жартылай қорғаушы болгариялық "Славия" және Черноморец", ал бразилияда "Фейеренсе" клубытарының намысын қорғады.