auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ертіс" үш қазақстандық және румыниялық футболшымен келісімшарт жасады

Жаңа маусым алдында павлодарлық клуб құрамын күшейтіп жатыр.

"Ертіс" үш қазақстандық және румыниялық футболшымен келісімшарт жасады
©:Прессбол
Павлодарлық "Ертіс" бес бірдей футболшымен келісімшарт жасады. Оның үшеуі қазақстандық футболшылар, екеуі румыниялық ойыншылар, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Дмитрий Шмидт, Мақсат Әмірханов және Рақымжан Розыбакиев павлодарлық клубтың Түркияда өткен оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Оның қорытындысы бойынша, "Ертіс" басшылары мен футболшылардың өкілдері бір жылдық келісімшарт жасады. Бұл үш ойынша да қорғаушылар. 

24 жастағы Шығыс Қазақстан футбол мектебінің тәлімгері Дмитрий Шмидт өткен маусымда "Ақжайын" сапында өткізген еді. Өткен маусымда ол оралдық клуб сапында ел біріншілігінде 30 кездесу қатысып, 1 гол соқты. 

25 жастағы Мақсат Әмірханов болса карьерасын "Тараз" клубында бастаған. Өткен маусымда ол жамбылдық клубтың капитаны болды. ҚПЛ-де жалпы 106 кездесу өткізген. 

27 жастағы Рақымжан Розыбакиев алматылық "Қайрат" клубының түлегі. Осы уақытқа дейін "Тобыл", "Оқжетпес" және "Ақжайық" секілді клубтардың намысын қорғаған. Былтыр "Ақтөбе" сапында ойнады. ҚПЛ-да 105 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. 

Сонымен қатар "Ертіс" құрамын румыниялық екі логионер толықтырды. Олар - 22 жастағы жартылай қорғаушы Дору Попадюк пен 25 жастағы қорғаныстың сол қапталында ойнайтын Адриан Аврамия. 

Попадюк үшін "Ертіс" бірінші шетелдік клубы болып отыр. Бұған дейін ол тек Румыния біріншілігінде өнер көрсеткен. Соңғы екі маусымда "Волунтари" сапында ойнаған. 

Аврамия болса өткен маусымды беларустік "Динамо-Брест" сапында өткізіп, елдің кубогын жеңіп алған. 








Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар