auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ертіс" клубы ойыншыларын таныстырды

"Ертіс" клубы ойыншыларын таныстырды
"Ертіс" ФК ресми сайтынан
Бүгін павлодарлық "Ертіс" клубы Баянтау спорт кешенінде  2017 жылғы маусымға арналған ойыншыларын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
 
Салтанатты шараға Павлодар облысының əкімі Болат Бақауов пен "Қазақстан Алюминийі" АҚ президенті Арман Есенжолов жəне барша клуб əкімшілігі мен спорт басқармасының басшылары қатысты.

Алдағы маусымға Димитар Димтровтың қандай ойыншыларды алып келгенін көруге жиналған көрермендер қарасы қалың болды.

- Біздің өңір футбол тариханда ерекше орын алады. Бес рет чемпион атанып, төрт рет күміс, алты мəрте қоланы еншілеген "Ертіс" құрамында 9 павлодарлық футбол мектебінің тәрбиеленушісі бар, бұл - үлкен жетістік. Жанкүйерлерімізді тартысы ойындарыңызбен қуанта беріңіздер. Осы маусымда тағы да жеңіс тұғырынан көрінетіндеріңізге сенімдімін, - деді облыс əкімі Болат Бақауов.

Өз кезегінде "Қазақстан Алюминийі" АҚ президенті Арман Есенжолов та футболшыларға сәттілік тіледі.

- Бір күні барлық ойыншыларды жинап біздің зауытқа апару керек деген ұсыныс айтқым келіп тұр. Жігіттер футболға демеушілікке берілетін ақшаның қалай жасалатын көрсе жөн болар еді. Ал қазір ойыншыларға жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін, - деді ол.

- Біз сіздерсіз ешкім емеспіз. Сіздер бізге қажетсіздер. Əр қолдауларыңыз аса маңызды, - деп ниетін білдірді команда капитаны Давид Лория.

Ал, павлодардық "Ертіс" клубының бас бапкері Димитар Димитров 8-наурыз күні барша павлодарлықтарды орталық стадионда күтетінін атап өтті.

Естеріңізде болса, 8-наурыз күні  "Ертіс" өз алаңында оралдық "Ақжайықты" қабылдайды. Ойынның басталуы 15:00-де.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Тақырып бойынша сілтемелер:

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама