Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсететін ресейлік "Уфа" командасы Испания біріншілігінде өнер көрсететін "Левантемен" жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды
Vesti.kz порталы.
Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Екі гол да бірінші таймда соғылды. Алдымен 12-минутта "Уфа" ойыншылары есепті ашса, 26-минутта "Леванте" есепті теңестірді. Ойын жабық түрде өткен секілді. Себебі, екі команданың өкілдері де видео трансляция ұсынған жоқ.
Айта кетейік, "Леванте" Испания біріншілігінде өнер көрсетеді. Қазір бұл команда 17-орында келе жатыр.
Бұған дейін "Уфа" клуб латвиялық "Вентспилс" клубымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. 24-ақпан күні ресейлік клуб замбиялық "Ред Эрроус" клубына қарсы ойнады.
Еске салайық, Еркебұлан Сейдахметтің "Уфа" сапына ауысқаны туралы хабар 12-ақпан күні шыққан еді. Ресейлік клуб шабуылшымен ұзақ мерзімге келісімшарт жасаған.
Жаңа командасы сапында бірінші ресми кездесуін Сейдахмет 4-наурыз күні Ресей біріншілігіндегі "Уфа" мен мәскеулік "Динамо" арасындағы ойында өткізе алады.
Жарнама