Еркебұлан Сейдахмет "Қайратқа" қайта оралды

Еркебұлан Сейдахмет. Сурет: ҚФФ
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Жетісудан" кетіп, "Қайратқа" қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Өткен маусымның екінші жартысын 20 жастағы шабуылшы талдықорғандық команда сапында өткізген болатын. "Жетісу" сапында ол ел біріншілігінің алты ойынына қатысып, гол соға алмады. Жалға берілу мерзімі аяқталған соң Сейдахмет "Қайратқа" қайтып отыр. 

Еске салайық, "Қайрат" сапында Сейдахмет 2019 жылы ауысып, үш жылдық келісімшарт жасады. Алматылық команда сапында ол 12 ойынға қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

"Қайрат" бұл шабуылшыны 300 мың долларға ресейлік "Уфадан" сатып алды. Өз карьерасында Сейдахмет "Левски" және "Тараз" командаларында ойнаған. 





Метки:
Жаңалықтар