КПЛ
22 шілде 2020 14:51
 
Ел біріншілігі қандай жағдайда Шымкентте өтетіні айтылды

  Пікірлер

blog.share

Ел біріншілігі қандай жағдайда Шымкентте өтетіні айтылды Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Қазақстанның кәcіпқой футбол лигасы футболдан Қазақстан чемпионатын Алматы мен Талғар қалаларынан бөлек Шымкентте де өткізуі мүмкін. 

Журналист Айдын Қожахметтің мәліметі бойынша, егер Qazsport арнасы Шымкенттен трансляция жасай алатын болса, ойындар дәл осы қалада өтеді. Үшінші турдан бері ел біріншілігінің көрсету құқығы дәл осы арнаға тиесілі болды. 

Осы аптада ҚКФЛ басшылары Шымкенттегі стадиондарды тексеруден өткізді. Мұнда негізі Бірінші лига ойындары өтуі мүмкін екені айтылған. Айта кетейік, Бірінші лига ойындары коронавирусқа байланысты басталып та үлгермеді. Енді клубтар екі конференцияға бөлініп ойнауы мүмкін. 

Еске салайық, наурыз айының басында ҚПЛ-дың екі туры өткен еді. Ал үшінші тур 1 шілде күні болып, қайта тоқтап қалды. Оған елімізде енгізілген карантин себеп болды. Карантин шаралары Қазақстанда 2 тамызға дейін жалғасады. 

ҚПЛ-дың төртінші туры 3 тамызда басталуы ықтимал. Негізі ҚФФ ойындарды 24 шілдке күні бастап кетуге ниетті болған. Бірақ, оған рұқсат берілмеді. 

Жарнама

Живи спортом!