Дмитрий Шомко карьерасын "Ақтөбе" сапында жалғастырады

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко карьерасын "Ақтөбе" командасы сапында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Ақтөбе" өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырып, онда қорғаушының командаға ауысатыны туралы мәлімет қалдырды. Кейін дереккөз Vesti.kz тілшісіне қорғаушының расында "Ақтөбе" сапына ауысатынын растады. 

Еске салайық, өткен маусымды Шомко волгоградтық "Ротор" командасы сапында өткізді. Бірақ бұл команда Ресей біріншілігінен шығып қалды, ал қорғаушы ол командадан кетті. 

Метки:
Жаңалықтар