auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Чемпиондық талас - "Астана" мен "Қайраттың" арасында өрбиді - Құралбек Ордабаев

Чемпиондық талас - "Астана" мен "Қайраттың" арасында өрбиді - Құралбек Ордабаев
"Қайрат" ФК ресми сайтынан
Ардагер қақпашы, футбол маманы Құралбек Ордабаев алдағы маусымда чемпиондық тәжді қайта "Астана" мен "Қайрат" сарапқа салмақ. Біріншілік үш айналымнан тұратындықтан командалар арасындағы бәсекелестік күшейіп, қызығушылық арта түседі деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

-  Маусымаралық үзілісті қай команданың қандай ойыншыны қатарына алғанын қараған жоқпын. Чемпиондық талас - "Астана" және "Қайраттың" арасында өрбиді. Өзге командалар құраманы қандай футболшыны алмасын, бұл ұжымдарға бәсекелестік таныта алмайды. Ел біріншілігінде қос астананың өкілі алдына жан салмайды.

- "Тараз" маусымға құрамын жасақтап үлгере ме?

- Меніңше, жамбылдықтар Премьер-Лигада өнер көрсететіні жайлы кеш білді. Ваит Талгаев үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Енді барлығы оның білігі мен тәжірбиесіне тәуелді болмақ.

- "Алтайға" қаншалықты дұрыс жаза қолданды?

- БАҚ беттерінде жазылғанға сенетін болсақ, ШҚО әкімінің айтқан сөздерін басты назарда ұстасақ онда клуб басшылығы толықтай кінәлі. Олар жұмыстарын дұрыс атқармады. Кімге сенгендерін білмеймін, алайда біріншілікті регламентін сақтау қажет еді. Бір сөзбен айтқан клубта өз істерін дұрыс білмейтін мамандар жұмыс атқаруда.

- Алғашқы екі орынның иегерлері белгілі делік. Онда үздік үштікті қай ұжым түйіндейді?

- Қола жүлде үшін үш бірдей команда таласқа түседі. Алайда нақты кімдер екенін айту қиын. Чемпионат басталып, бес-алты тур өткен соң анықтала бастайды. Не десек те, бұл жолы біріншілік қызық болғалы тұр. Өйткені командалар бұрынғыдай екі алтылыққа бөлінбейді. Ең қызығы үшінші айналым болғалы тұр. Кімнің қай орынға таласатынын белгілі болғанда қызығушылық та көбейе түседі. Оның үстіне, еурокубок жолдамасы үшін талас басталады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама