КПЛ
28 ақпан 2017 22:47
 

Чемпиондық талас - "Астана" мен "Қайраттың" арасында өрбиді - Құралбек Ордабаев

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондық талас - "Астана" мен "Қайраттың" арасында өрбиді - Құралбек Ордабаев "Қайрат" ФК ресми сайтынан

Ардагер қақпашы, футбол маманы Құралбек Ордабаев алдағы маусымда чемпиондық тәжді қайта "Астана" мен "Қайрат" сарапқа салмақ. Біріншілік үш айналымнан тұратындықтан командалар арасындағы бәсекелестік күшейіп, қызығушылық арта түседі деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

-  Маусымаралық үзілісті қай команданың қандай ойыншыны қатарына алғанын қараған жоқпын. Чемпиондық талас - "Астана" және "Қайраттың" арасында өрбиді. Өзге командалар құраманы қандай футболшыны алмасын, бұл ұжымдарға бәсекелестік таныта алмайды. Ел біріншілігінде қос астананың өкілі алдына жан салмайды.

- "Тараз" маусымға құрамын жасақтап үлгере ме?

- Меніңше, жамбылдықтар Премьер-Лигада өнер көрсететіні жайлы кеш білді. Ваит Талгаев үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Енді барлығы оның білігі мен тәжірбиесіне тәуелді болмақ.

- "Алтайға" қаншалықты дұрыс жаза қолданды?

- БАҚ беттерінде жазылғанға сенетін болсақ, ШҚО әкімінің айтқан сөздерін басты назарда ұстасақ онда клуб басшылығы толықтай кінәлі. Олар жұмыстарын дұрыс атқармады. Кімге сенгендерін білмеймін, алайда біріншілікті регламентін сақтау қажет еді. Бір сөзбен айтқан клубта өз істерін дұрыс білмейтін мамандар жұмыс атқаруда.

- Алғашқы екі орынның иегерлері белгілі делік. Онда үздік үштікті қай ұжым түйіндейді?

- Қола жүлде үшін үш бірдей команда таласқа түседі. Алайда нақты кімдер екенін айту қиын. Чемпионат басталып, бес-алты тур өткен соң анықтала бастайды. Не десек те, бұл жолы біріншілік қызық болғалы тұр. Өйткені командалар бұрынғыдай екі алтылыққа бөлінбейді. Ең қызығы үшінші айналым болғалы тұр. Кімнің қай орынға таласатынын белгілі болғанда қызығушылық та көбейе түседі. Оның үстіне, еурокубок жолдамасы үшін талас басталады. 

blog.share
Ардагер қақпашы, футбол маманы Құралбек Ордабаев алдағы маусымда чемпиондық тәжді қайта "
Астана" мен "Қайрат" сарапқа салмақ. Біріншілік үш айналымнан тұратындықтан командалар арасындағы бәсекелестік күшейіп, қызығушылық арта түседі деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

-  Маусымаралық үзілісті қай команданың қандай ойыншыны қатарына алғанын қараған жоқпын. Чемпиондық талас - "Астана" және "Қайраттың" арасында өрбиді. Өзге командалар құраманы қандай футболшыны алмасын, бұл ұжымдарға бәсекелестік таныта алмайды. Ел біріншілігінде қос астананың өкілі алдына жан салмайды.

- "Тараз" маусымға құрамын жасақтап үлгере ме?

- Меніңше, жамбылдықтар Премьер-Лигада өнер көрсететіні жайлы кеш білді. Ваит Талгаев үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Енді барлығы оның білігі мен тәжірбиесіне тәуелді болмақ.

- "Алтайға" қаншалықты дұрыс жаза қолданды?

- БАҚ беттерінде жазылғанға сенетін болсақ, ШҚО әкімінің айтқан сөздерін басты назарда ұстасақ онда клуб басшылығы толықтай кінәлі. Олар жұмыстарын дұрыс атқармады. Кімге сенгендерін білмеймін, алайда біріншілікті регламентін сақтау қажет еді. Бір сөзбен айтқан клубта өз істерін дұрыс білмейтін мамандар жұмыс атқаруда.

- Алғашқы екі орынның иегерлері белгілі делік. Онда үздік үштікті қай ұжым түйіндейді?

- Қола жүлде үшін үш бірдей команда таласқа түседі. Алайда нақты кімдер екенін айту қиын. Чемпионат басталып, бес-алты тур өткен соң анықтала бастайды. Не десек те, бұл жолы біріншілік қызық болғалы тұр. Өйткені командалар бұрынғыдай екі алтылыққа бөлінбейді. Ең қызығы үшінші айналым болғалы тұр. Кімнің қай орынға таласатынын белгілі болғанда қызығушылық та көбейе түседі. Оның үстіне, еурокубок жолдамасы үшін талас басталады. 

Жарнама

Живи спортом!