Помуков 2005 жылы "Екібастұз" командасында 21 кездесуге қатысқан. Оның командасы 16 ұжымның ішінде 12 орын алды. Сол кезде жасы 31-де болған болгариялық футболшы Қазақстанға ресейлік "Локомотив" клубынан ауысып келген.
Помуковтың айтуы бойынша, Қазақстан біріншілігінде сырт алаңда жеңу мүмкін болмаған екен. Оның "Екібастұз" командасы сырт алаңдағы сегіз кездесуінің екеуінде ғана жеңіске жеткен.
"Қазақстанда біз автобуспен де, пойызбен де жүрдік. Бірнеше мың шақырым жүріп тастаған шығармыз. Ол кезде ортаңқол командалардың сырт алаңда ұпай алуы мұң еді. Бірінші себеп - ұзақ әрі қиын жолдар. Осыдан шаршап қаласың. Екінші - егер тіпті жақсы ойнасаңда, алаң қожайындары төрешіні сатып алатын. Олар міндетті түрде алаң қожайындарына көмектесетін. Үшінші - мотивация. Көшбасшы командалардың өз мақсаты бар. Аутсайдерлер де ұшып кеткісі келмейді. Сондықтан ұпай алудың қамын қарастырады.
"Екібастұзда" біз турнир кестесінің ортасында болатынымызды білдік. Ұшып кетпейтінімізді де, еурокубоктерге жолдама ала алмайтынымызды да түсіндік. Сондықтан өз алаңымыздағы ойындарға дайындалдық. Бұл ойындарда біз жеңіп, қосымша сыйақы ала алатын едік. Ал сырт алаңда 90 пайыз ұпайдан қағылатынымызды білетінбіз. Сондықтан да өз қақпамызға 90 минутта пенальти алу үшін мыңдаған шақырымға ұшқымыз да келмейтін", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстаннан кейін Помуков жарты жыл Болгарияның "Дунав" командасында ойнап, карьерасын аяқтады. Қазір 45 жастағы бұрынғы футболшы жас балалардың бапкері болып жұмыс істейді.