AQ1U7i7HPvdVJnNIt4wFj2HmG3wFLAcjjvshPaLD
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бруно Соарес "Заря" сапына неге ауыспады?

Бруно Соарес "Заря" сапына неге ауыспады?
©fckairat.com
Луганскілік "Заря" клубының директоры Сергей Рафаилов "Қайраттың" орталық қорғаушысы бразилиялық Бруно Соаресті не үшін командада алып қалмағанын түсіндірді. 

Еске салайық, бұған дейін бойшаң бразилиялық қорғаушы "Заря" сапына барып, оқу-жаттығу жиындарынан өткені белгілі болған еді. Бірақ Луганск қаласының командасында ол ұзақ қала алмады. 

"Бізге расында "Қайрат" сапынан бразилиялық Бруно Соарес деген футболшы келді. Содан кейін біз ол туралы ақпарат жинай бастадық. Оның ауыр операция жасатқанын білдік. Бізге оны дайын, өзінің есебінен келеді, тек көрсеңіздер болды деген. Біз футболшының деңгейін бақыладық. Бірақ ол мүлде дайын болмай шықты. Сол себепті де біз онымен келісімшарт жасамадық", - дейді Рафаилов "Заря" клубының сайтындағы конференцияда. 

"Заряда" бақылаудан өте алмаған қорғаушы қазір Қазақстаннан жаңа команда тауып алды. Бұл футболшы бүгінде шымкенттік "Ордабасы" клубының қатарында жаттығып жүр. Негізі шымкенттік клуб бұл позицияға бірнеше футболшыны үміткер ретінде қарастырған. Аяғындау таңдау Соареске түсіпті. Енді "Ордабасы" алдағы уақытта онымен келісімшарт жасайын деп отыр. 

Еске салайық, Соарес Қазақстан біріншілігіне 2015 жылы ауысып келген еді. Соңғы екі жылды қорғаушы алматылық "Қайраттың" сапында өткізіп, ішкі біріншілікте 17 кездесуде 2 гол соқты. Одан кейін ауыр жарақат алып қалып, командасына ұзақ уақыт көмектесе алмады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар