Үзіліс "Астана" клубының Чемпиондар лигасында өнер көрсетуіне еш кедергі болмайды: "Біз міндетті түрде ойнаймыз. Бірақ қайда екені белгісіз. Егер тамызда карантин алынатын болса, біз Астанада ойнай аламыз. Егер жағдай өзгермесе, Түркияда ойнайтын шығармыз", - деді қорғаушы.
Рукавина карантинді қақпашы Ненад Эричпен бірге өткізіп жатыр: "Сауда үйлері, спорт залдар жабық. Қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынған. Ресторандар мен кафелер шектеулі ғана адам қабылдайды. 20:00-ге дейін ғана ашық болады. Ешқандай жаңалық жоқ. Дәл осылай өмір сүріп жатқанымызға бірнеше ай болды", - деді ол.
Айта кетейік, "Астана" 2020 жылғы маусымда үш ғана кездесу өткізді. Оның барлығын наурыз айында. Елордалық клубтың еншісінде жеті ұпай бар. Турнир кестесінде екінші орында келеді.