Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло "Ордабасыдан" кетеді

Сурет: fcordabasy.kz

"Ордабасы" командасының шабуылшысы Жоао Пауло шымкенттік командадан кетеді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында жазды. 

Шабуылшының кетуіне командадағы қаржылық қиындық себеп болған. 

Паулоның өз қатарына қарағандылық "Шахтер" командасы қосқысы келген. Бірақ "Ордабасы" басшылары оны "Қайратқа" сатуға ниетті. 

Ал футболшының өзі болса елордаға көшіп, Андрей Тихоновтың командасында ойнағысы келеді. Қазіргі уақытта келіссөздер қызып жүріп жатыр. 

Метки:
Жаңалықтар