"Бразилияда бәрі таңырқады". Футзалдық "Қайрат" капитаны Лавтың ауысуы жайлы

Zumapress.com©
Вагнер Лав жаңа командасын күшейте алады, деп санайды "Қайрат" футзал клубының капитаны Игита. Vesti.kz порталына берген сұқбатына ол 36 жастағы отандасының шама-шарқы туралы және Лавқа Қазақстанға бойүйретуге көмексеуге дайын екенін айтты. 

"Вагнер - жоғары деңгейлі ойыншы. Ол "Қайратты" сөзсіз күшейтеді. Бірден төрт немесе бес функцияны атқара алады. Бразилияда да жақсы ойнады. Сондықтан оның жасына назар аударудың қажеті жоқ. Ол әлі зейнеткер емес. Мықты спортшы. Бұл трансферге Бразилияда бәрі таңданды. Көптеген жанкүйерлер Лавты ЦСКА сапына ауысады деп ойлады. Вагнер екеуміздің ортақ досымыз бар. Мен сол досымыз арқылы Лавқа кез-келген уақытта көмектесуге дайын екенімді айттым. Кака да ("Қайраттың" бас бапкері) көмектесуге дайын", - деді Игита. 

Еске салайық, бразилиялық футболшы "Қайрат" сапына ауысқаны туралы өзінің Instagram парақшасында айтқан болатын. 


Жаңалықтар