"Ақтөбе" командасы ресейлік қорғаушы Игорь Гурбанов ұжымнан кеткенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Клуб пен қорғаушы келісімшартты бұзу туралы келісімге келіпті.
29 жастағы Гурбанов "Ақтөбе" сапына маусым айының басында ауысып келген еді. Ол команда қатарында Қазақстан чемпионатында бес ойынға қатысты.