Боранбаев қандай жағдайда Қуатты "Қайратқа" қайтып алатынын мәлімдеді

Исламбек Қуат. Сурет "Қайрат" командасының сайтынан алынды.
"Қайраттың" басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев жартылау қорғаушы Исламбек Қуаттың алматылық клуб сапына қайта оралуы қаншалықты мүмкін екенін айтты. Команданың бұрынғы лидерлерінің бірі "Оренбург" командасынан кеткеннен кейін клубсыз жүр. 

"Егер ол Ресейден басқа команда таппаса, біз оны оқу-жаттығу жиындарына шақырамыз. Сөйтіп, қазір командамызға қаншалықты қажет екенін көреміз. Бізге қажет болмаса, Қуат қазақстандық басқа командалармен келіссөз жүргізе берсе болады", - деп келтіреді Боранбаевтың сөзін YouTube каналындағы Sports True бағдарламасының жүргізушіі. 

Еске салайық, Қуат "Қайрат" сапынан 2019 жылы кетіп, "Оренбург" сапына ауысты. Бұл команданың сапында ол Ресей біріншілігінде үш ғана кездесуге қатысты. Ал маусымның қорытындысы бойынша команда біріншіліктен шығып қалып, жартылай қорғаушы келісімшартын бұзды. 

Қазір Қуат Ресей біріншілігінен команда іздестіріп жатыр. Дереккөздің мәліметі бойынша, оған "Ротор" мен "Ахмат" қызығушылық білдіріп отыр екен. 


Метки:
Жаңалықтар