КПЛ
5 ақпан 2018 17:08
 
Болгария құрамасының бұрынғы қорғаушысы қазақстандық клубқа ауысты

  Пікірлер

blog.share

Болгария құрамасының бұрынғы қорғаушысы қазақстандық клубқа ауысты Михаил Венков (алдыңғы шепте). Сурет: 7dnifutbol.bg

34 жастағы болгариялық қорғаушы Михаил Венков "Қызыл-Жар СК" командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Қызыл-Жар СК" командасының бас бапкері Никола Спасов бұл қорғаушыны болгариялық "Черно Море" клубында жаттықтырған. Сондықтан жақсы біледі. Қорғаушы бұған дейін петропавлдық клубпен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, бүгін, 5 ақпан күні келісімшарт жасапты. Шартнама 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. 

Венков София футбол мектебінің түлегі. Үлкен футболдағы алғашқы келісімшартын "Литекс" клубымен жасаған. Содан соң "Локомотив" (Пловдив), ЦСКА (София), "Черно Море" (Варна) секіоді клубтардың намысын қорғаған. Өткен маусымда ол софиялық "Славия" командасында өнер көрсетті. 

2014 жылы жанкүйерлердің пікірі бойынша Венков "Черно Море" клубының үздік ойыншысы атанған. Оның карьерасындағы ең үздік маусым варналық клуб сапында өткен. 

Болгария құрамасы қорғаушы 2004 және 2008 жылдар аралығында тұрақты түрде шақырту алған. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!