Бауыржан Жолшиев енді үлкен футбол үшін жоқ - Саян Хамитжанов
"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" командасының басшысы Саян Хамитжанов клубтың баспасөз қызметінің өтініші бойынша елордалық ұжымның маусымаралық трансферлер компаниясының қорытындылары туралы ойларымен бөлісті.
— Саян Жақсыгелдіұлы, кеше еліміздегі қысқы трансферлік терезе жабылды. Біздің клубтың, сондай-ақ чемпионаттағы басқа клубтардың да осы маусымаралықтағы трансферлік қызметін қорытындылайтын кез келді. Өткен қыста келіп қосылған футболшыларға қандай баға бересіз? Команда құрамы Ллуллаку, Мұртазаев, Маевский, Жалмұқан, Граховац және Постниковтың келуімен күшейе түсті ме?
— Меніңше, иә. Келген жаңа ойыншылардың барлығы бірінші турдан бастап өз деңгейлерін шешуші сәтті гол соғып көрсетіп жатыр. Жаңа футболшылардың әрқайсысының өз орны бар, соған лайықты ойнап та жүр. «Шахтерді» жеңген ойында шешуші голды нәтижелі пас берген Дидар Жалмұқан мен Маевский шешті. Негізінде гол соғу Иванның тікелей міндеті емес, дегенмен әрбір матчта ол қарсыластар қақпасының алдында қауіпті сәт тудыруда. Ллуллаку «Ақжайыққа» қарсы өткен ойында гол соғып, негізгі құрамның белді ойыншысы болуға лайық екенін көрсетті. Постниковты командаға қайта келіп қосылуы қорғанысымызды берік ете түсті, өйткені ол барлық ойыншылардың ойын мәнерін жақсы біледі. Роман Мұртазаевтың команда сапында әлі көптеген голдар соғатынына сендімін, сол секілді Срджан Граховац та чемпионатымыздың ең танымал ойыншыларының біріне айналады деп ойлаймын. Бірақ, әрине ең әділ бағаны командаға маусымның өзі береді. «Балапанды күзде санаймыз» демекші, қараша-желтоқсан айларында ғана осы трансфер маусымында команданы күшейте алдық па, жоқ па — толық айта аламыз.
— Басқа командалар туралы не айта аласыз? Қай клуб өз сапына жақсы ойыншыларды қоса алды? Маусымның жаңа ойыншыларынан кім есіңізде қалды?
— Өзге клубтардың басшылары мен селекция қызметінің жұмысына менің баға беруім этикаға қайшы. Бәріміздің қызметімізге тек футбол алаңы ғана әділ баға бере алады. Командалардың барлығы өз құрамын күшейтті, чемпионатта тосын сыйлар да молайды. Фаворит саналғандар ұпай жоғалтуда, әрбір турда табанды күрес жүріп жатыр, бір клуб басқалардан айтарлықтай басым немесе әлсіз деп айтуға да келмейді.
— Әлеуметтік желілерде Бауыржан Жолшиевтің «Астана» ФК ойыншыларымен түскен суреттері таралып еді. Бұл жайт ойыншының біздің клубқа келуі мүмкіндігін білдіре ме?
—Жасырмаймын, біз ол футболшымен келіссөздер жүргіздік, бірнеше рет кездестік, оған қайта оралуға мүмкіндік бердік, оның бір жарым жыл футболдан тыс болғанын ескере отырып, жақсы жағдай жасайтынымызды айттық. Біздің шарттарымыз оның көңілінен шықпады. Ашығын айтқанда, меніңше, Құдай-ай, мен қателескен болайын, ол ойыншы үлкен футбол үшін енді жоқ. Өз басым, Еуропаның топ-клубтарында өнер көрсетуге деңгейі жететін үлкен талант иесі табиғат берген дарынын обал қылып жатыр. Ақшаны футболдан биік қойғанды Құдай кешірмейді. Жолшиев — жас ойыншыларға спорт мұндай әрекеттерді көтермейтінін көрсететін айқын үлгі. Ақша — еңбегіңнің өнбегі, ол бар болмысын ойынға арнағандарға ғана беріледі.
— Жазғы трансферлік маусымға қандай жоспарларыңыз бар? Команданы жазда тағы да күшейту қажет пе? Қажет болса, қай позицияларды?
— Жазғы трансферлер туралы айтуға әлі өте ерте. Алдымен клубтың сапындағы, сондай-ақ жалға берілген футболшылардың да спорттық формасына көп нәрсе байланысты. Әрине, егер құрамды күшейтетін мүмкіндік болып жатса, оны пайдаланып қалуға тырысамыз. Ал Жолшиевке келер болсақ, жазғы трансфер кезінде оның бізге қажеті болмайды, өйткені бұл маусымның аяғына дейін оның көмегі бізге тимейтіні анық. Неліктен? «Астана» талап ететін ойын деңгейіне келудің өзі Жолшиевтің жарты жылдық уақытын алады. Ал футболшы шілде айында еурокубок матчтарына сақадай сай болуы қажет.

Жарнама