БАӘ еліндегі "Әль-Айн" командасының жартылай қорғаушысы Ұлттар лигасында Беларусь және Литва құрамаларына қарсы кездесу үшін елге келді. Біздің құрама ертең, 31 тамыз күні жаттығу жиындарына кіріседі.
Бұл жаттығу жиындарының алдында Исламхан туған жері Таразға ат басын бұрыпты. Ол бауыры және анасымен түскен суретін Instagram парақшасына салды.
"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды", - деп жазды ол.
Бұған дейін "Әль-Айн" командасы Исламханды ұлттық құрамаға жібергенін хабарлаған болатын. Еске салайық, шілде айында жартылай қорғаушы бұл командамен үш жылдық келісімшарт жасады.