Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді

Сурет "Аль*Айн" командасының сайтынын алынды.

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитеті тарапынан өзіне қатысты қандай жазаның шыққанын білді. 

Отандасымыз Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша, екі жылға футболдан шеттетіліпті. 

Айта кетейік, Исламхан 16-қыркүйек күні Азия чемпиондар лигасында "Аль-Садд" командасына қарсы кездесуден кейін допинг сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылды. Содан кейін ол футболдан шеттетілген болатын. Бүгін капитанға қарсы ресми шешім шығып отыр. 



 

Метки:
Жаңалықтар