Бапкер Ұлан Қонысбаевтың футболға қайта оралуына байланысты пікірмен бөлісті

Сурет "Тараз" сайтынан алынды.

"Тараздың" бас бапкері Вардан Минасян Vesti.kz сайтына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевтың командаға қосылуы туралы пікір білдірді.

"Клуб ұзақ уақыт бұрын ауыр жарақат алған ойыншыны қолдауға шешім қабылдады. Ол біршама уақыт ойнаған жоқ, денесі, бұлшықеттері басқаша дамыды. Сондықтан асықпаймыз. Біз үшін және ол үшін оның ойнауға деген үлкен ықыласы бар екендігі өте маңызды. Ең бастысы физикалық қысым арттырған кезде ескі жара сыр бермесе болғаны", – деді Минасян.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында Қонысбаев Қытай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде аяғын морт сындырып алған еді. Кейін ойыншы Италияда қайта емделіп, 2018 жылдың жазында ғана қалпына келді. Сол маусымда "Ақтөбе" сапында жасыл алаңға шықты. 

2019 жылы жартылай қорғаушы "Оқжетпес" жейдесінде үш матч өткізді, содан кейін ресми ойындарда алаңға шықпады.

Метки:
Жаңалықтар