auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бапкер ретінде өзіме әрқашан жоғары мақсат қоямын - Станимир Стойлов

Бапкер ретінде өзіме әрқашан жоғары мақсат қоямын - Станимир Стойлов
Станимир Стойлов. "Қайрат" ФК ресми сайтынан
"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Қазақстан Суперкубогы үшін алматылық "Қайрат" командасына қарсы өтетін кездесу алдындағы баспасөз мәслихатында матч туралы өз ойымен бөлісіп, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Қайырлы күн, достар! Жаңа маусымның басталуымен баршаңызды құттықтаймын. Бүгін барлық футбол жанкүйерлері мен бапкерлер құрамына, ойыншыларға ерекше күн. Ертеңгі Қазақстан Республикасының Суперкубогы үшін өтетін кездесуде екі команда да жақсы ойын үлгісін көрсетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлайды деген ойдамын.

- Маусымаралық үзіліс кезінде команда сапынан бірнеше негізгі құрамның ойыншылары кетті. Тиісінше бірнеше жаңа ойыншылар келді. Жалпы команданың маусымға дайындығын қалай бағалайсыз?

- Команданың дайындығы туралы қазір мен артық ештеңе айта алмаймын. «Астана» командасы маусымаралық үзіліс кезінде екі бірдей толыққанды оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Соның нәтижесін ертеңгі ойында, жалпы маусым барысында көреміз деген сенімдемін. Командадан кеткен ойыншылардың орны ойсырап қалғаны анық. Дегенмен қатарымызға жаңадан келген ойыншылардың да бәсі жоғары екендігін айтқым келеді. Трансферлік терезе жабылғанша қатарымызды толықтыратын әлі де мүмкіндік бар.

- Ертеңгі кездесуге команданың жартылай қорғаушысы Неманья Максимович қаншалықты дайын? Ойынға алғашқы минуттан араласа ма?

- Неманья командамен бірге Алматыға келген де жоқ.

- «Қайрат» сапындағы қай ойыншыдан көбірек сақтанасыз?

- Мен ешқашан бір ойыншыны командадан бөліп қараған емеспін. Ертең менің командама қарсы тек жалғыз ойыншы емес, тұтас бір команда қарсылық танытатын болады.

- Осы маусымда «Қайрат» командасынан басқа Премьер-Лигада ойнайтын қай командалар жоғары орындарға таласады деп ойлайсыз?

- Жоғарыда атап өткенімдей, дәл қазір командалардың мүмкіндіктері туралы айту қиынның қиыны. Барлық командалар оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық кездесулер өткізіп маусымға барынша дайындалды деген ойдамын. Командалардың қаншалықты мықты дайындалғанын маусым барысында көретін боламыз. Премьер-Лигаға қосылғаны жақында ғана белгілі болған «Тараз» командасына қиын соғуы мүмкін, бірақ мен олардың өз ойындарын тауып, жоғары бәсекелестік танытатындықтарына сенемін.

- «Астана» командасының алдағы маусымға қойған мақсаты қандай?

- Мен бапкер ретінде өзіме ылғи да жоғары мақсаттар қоямын. Ел чемпионатында, Қазақстан Кубогында және Суперкубогында жеңімпаз атанып, еурододалардың топтық кезеңінде сәтті ойнағанымызды қалаймын. Мен алдыма жоғары мақсат қоймауға қақым да жоқ. Себебі мен үш дүркін Қазақстан Чемпионы, Чемпиондар Лигасы мен Европа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Астана» командасының бас бапкерімін.

- «Астана» командасы қазақстандық ойыншыларды өз қатарына қосуға қаншалықты мүдделі? Әлде тек шетелдік ойыншыларға үміт арта ма?

- «Астана» сапында қазақстандық ойыншылардың бәсі өте жоғары. Өткен маусымда көптеген қазақстандық ойыншылар ел чемпионатында болсын, еурододаларда болсын өздерін өте жақсы қырларынан таныта білді. Осы жылы қатарымызға Қазақстан футболының болашағы саналатын Дидар Жалмұқан мен Роман Мұртазаевты қостық. Бұлардан бөлек команда сапында бірнеше жас ойыншылар бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама