Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА командасын күшейте ала ма? Футболшының өзі жауап берді

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ҚФФ
ЦСКА командасы Бахтиер Зайнутдиновтің командасы сапындағы бірінші күніне арналған видеоблогта жартылай қорғаушының мәскеулік команда алаңына алғаш рет шыққан сәтін көрсетті. 

ЦСКА ТВ қызметкерлері Зайнутдиновтан бұған дейін стадионда болғансың ба және команданы күшейте аласың ба деп сұрады. 

"ЦСКА стадионында бірінші рет емеспін. Бұл жерде бұған дейін ойнадым. Иә, көңілім толады. Команданы күшейтемін бе? Бұйырса! Құдай қаласа!", - деп жауап берді Зайнутдинов. 



Бұл видеоблога ЦСКА сондай-ақ футболшының бас директоры Роман Бабаевпен сөйлескенін көрсетті. Директор отандасымызға дұрыс таңдау жасағанын айтып, алдағы уақытта бірге талай жеңіске жетуге үмітті екенін жеткізді. 

Еске салайық, 22 жастағы Зайнутдиновтің ЦСКА сапына ауысқаны туралы 25 тамыз күні белгілі болды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы бес жылдық келісімшарт жасап, 19 нөмірді таңдады. 

Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші кездесуін командаға ауысқаннан кейін ертесіне өткізді. Мәскеулік команда бұл ойында "Краснодар" командасымен кездесті. Отандасымыз матчтың 54-минутында шабуылшы Федор Чаловтың орнына келді. Ал ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, Зайнутдинов 2019 жылдың басында "Ростов" сапына ауысқан болатын. Бұл команда сапында жартылай қорғаушы 35 кездесуге қатысып, төрт гол және екі нәтижелі пас берді.




Метки:
Жаңалықтар