КПЛ
25 тамыз 2020 22:20

Бабаян бапкер ретінде "Астана" командасын бірінші рет жеңді

Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.
Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген төртінші турында "Астана" командасы жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Ойын бүгін Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. 

"Астана" қақпасына кірген екі голды да елордалық команданың бұрынғы футболшылары ұйымдастырды. Матчтың 15 минутында Роман Муртазаевтан пас алған Азат Нұрғалиев есепті ашса, 57 минутта алаңға екінші таймда шыққан Серікжан Мужиков екінші голды соқты. 

Бұл Григорий Бабаянның "Астанаға" қарсы бірінші матчы болды. Бапкер 2012 және 2019 жылдар аралығында елордалық команда сапында қызмет атқарып, бірнеше рет команданы бас бапкер ретінде алаңға бастап шықты. 



Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасында "Қайрат" командасы көш бастап келеді. Алматылық ұжымның еншісінде 15 ұпай бар. Екінші орында 10 ұпайы бар "Астана", "Тобыл", "Қайсар" және "Ордабасы" командалары жайғасқан. "Қайрат" пен "Ордабасы" командалары алты ойыннан өткізсе, қостанайлық және елордалық команда бес, ал қызылордалық ұжым төрт ойын өткізген.