КПЛ
28 маусым 2021 15:51
 

Айымбетов "Астанада" қалмайтын болды. Елордалық клуб жаңа шабуылшы іздеп жатыр

  Пікірлер

blog.share

Айымбетов "Астанада" қалмайтын болды. Елордалық клуб жаңа шабуылшы іздеп жатыр Сурет: ҚФФ

Елордалық "Астана" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов карьерасын басқа командада жалғастырады. Себебі 25 жастағы футболшының жалға берілген уақыты аяқталып жатыр, деп жазады Vesti.kz порталы.

blog.share

Елордалық "Астана" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов карьерасын басқа командада жалғастырады. Себебі 25 жастағы футболшының жалға берілген уақыты аяқталып жатыр, деп жазады Vesti.kz порталы.

Негізі Айымбетов ресейлік "Крылья Советов" командасының ойыншысы. Қайта сол команданың қатарына қосылуы керек. 

Дегенмен Қазақстан құрамасының ойыншысы самаралық клубтың сапында ойнамайтын шығар. Барлығы "Крылья Советов" командасы бапкерлерінің шешіміне байланысты болады. 

Айымбетовтің Ресей чемпионатында өнер көрсететін бірнеше командадан ұсыныстары бар. Шабуылшының өзі де шет елде ойнауға ниетті. 

Ал "Астана" болса жаңа шабуылшы іздеуге кірісіп кеткен. Елордалық ұжым еуропалық бірнеше команданың шабуылшыларымен келіссөз жүргізуде. 

"Астана" сапына ауысқаннан бері Абат Айымбетов Қазақстан біріншілігінде 12 кездесуге қатысып, бес гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды. 

 

 

 

Жарнама

Живи спортом!