"Атыраудың" босниялық шабуылшысы командадан кетті
27 жастағы босниялық шабуылшы Петар Кунич "Атырау" командасынан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
27 жастағы босниялық шабуылшы Петар Кунич "Атырау" командасынан кетті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
"Атырау" сапына Кунич қыста қосылған болатын. Бірақ командада өзін жақсы қырынан көрсете алмады. Сондықтан да шабуылшы мен клуб екеуара келісім бойынша шартнаманы бұзу туралы келісімге келген. Петар қазір басқа командаға кетіп қалған.
Атырау командасы сапында Кунич Қазақстан біріншілігінде 11 кездесуге қатысып, бір гол соққан.
Қазіргі уақытта "Атырау" бұл шабуылшының орнын басатын футболшы іздестіріп жатыр. Олардың қатарында Бразилия, Сербия және Ресей шабуылшылары бар. "Атырау" командасы бірінші жаңа ойыншысын осы аптада қатарға қосады.
Жарнама