КПЛ
18 қаңтар 2018 18:16
 
"Атырау" сербиялық легионерімен жаңа келісімшарт жасады

  Пікірлер

blog.share

"Атырау" сербиялық легионерімен жаңа келісімшарт жасады Предраг Сикимич. Сурет "Атырау" клубының реми сайтынан алынды.

Сербиялық шабуылшы  Предраг  Сикимич  "Атырау" клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы HotSport.rs сайты хабарлайды.

Сикимич 2017 жылы жазда "Атырау" клубына ауысып келген болатын. "Атырау" сапында Қазақстан Премьер-лигасында 15 ойын өткізіп, бес гол салып, бір нәтижелі пас берген. Сонымен қатар сербиялық шабуылшы "Қайрат" клубына есе жіберген Қазақстан кубогының финалдық матчына да қатысқан болатын. 

Шабуылшы "Атырау" клубына келерге дейін Сербия чемпионатында 2015/16 жылғы маусымында чемпион болған "Црвена Звезда" клубы сапында өнер көрсеткен.

Сонымен қатар ол өз отанында "Войводина", "Смедерева", "Раднички Крагуевац", "Рад" және "Сартид" командалары сапында ойнады. Одан бөлек, Сикимич бір қатар шет елдік командаларда да өнер көрсеткен. Айта кетер болсақ оның карьерасында тайландық "Сингтар", грекиялық "Керкик", және "Эгиниакос", ресейлік "Амкар" және "Урал", белгиялық "Льерс" секілді клубтар болған. 

Сикимич пен "Атырау" клубы арасындағы жаңа келісімшарт 2018 жылдың маусымы аяқталғанша жарамды. Сербиялық футболшы тамыз айында 36 жасқа толады. 2000 жылы басталған карьерасында бұл оның соңғы келісімшарт болуы мүмкін. 

Жарнама

Живи спортом!