КПЛ
11 мамыр 2017 22:28
 

"Астананың" намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын - Евгений Постников

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын - Евгений Постников "Астана" ресми сайтынан

Евгений Постников "Тобылға" қарсы "Астана" сапындағы 100-ші ойынын өткізгеніне орай елордалық клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Біз жеңіске жетуді қаладық, ойынды өз бақылауымызда ұстадық, өз мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдаланғанда, бәрі басқаша болар еді. Футболда мұндай жағдай болып тұрады, қорғаныстағы қырағылықты бір ғана сәтке бәсеңдетіп алдық, қарсылас команданың гол соғуына соның өзі жеткілікті болды. Бұл соққы осы ойындағы қарсыластың біздің қақпамызға бағыттаған жалғыз ғана дәл соққы болатын. Бірақ ойын соңында қарымта қайтарудың сәті түсті. Меніңше, біз жеңіліске лайықты емес едік.

- "Тобылға" қарсы ойын Сіз үшін "Астана" сапындағы 100-ші ойын болды. Бұл көп пе, аз ба?

- Әрине, бір команда сапында, әсіресе "Астана" құрамында жүз ойын өткізу өте жақсы. Бұл көп пе, аз ба, білмеймін. Алдағы уақытта командада ойнап, пайдамды тигізуді жалғастырамын деген ойдамын.

- Осы жүз ойынның ішіндегі ең ерекше есте қалғаны қайсы болды?

- Әрине Еуропа Чемпиондар лигасы ойындарында атмосфера ұмытылмастай болады. "Марибор", "ХИК" командаларына қарсы ойындар есте қалды. Финдерге қарсы өткізген алғашқы кездесуде есе жібергенмен, қарымта матчта айтулы жеңіске қол жеткіздік.

- Астанада өзіңізді қаншалықты жайлы сезінесіз?

- Астана өз үйімдей болып қалды. Қызым балабақшаға барады, ұлым - мектепке. Көшеге шықсаң, жұрт бірден тани кетеді. Астана маған жайлы, осы клубтың намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын.

blog.share
Евгений Постников "Тобылға
" қарсы "Астана" сапындағы 100-ші ойынын өткізгеніне орай елордалық клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Біз жеңіске жетуді қаладық, ойынды өз бақылауымызда ұстадық, өз мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдаланғанда, бәрі басқаша болар еді. Футболда мұндай жағдай болып тұрады, қорғаныстағы қырағылықты бір ғана сәтке бәсеңдетіп алдық, қарсылас команданың гол соғуына соның өзі жеткілікті болды. Бұл соққы осы ойындағы қарсыластың біздің қақпамызға бағыттаған жалғыз ғана дәл соққы болатын. Бірақ ойын соңында қарымта қайтарудың сәті түсті. Меніңше, біз жеңіліске лайықты емес едік.

- "Тобылға" қарсы ойын Сіз үшін "Астана" сапындағы 100-ші ойын болды. Бұл көп пе, аз ба?

- Әрине, бір команда сапында, әсіресе "Астана" құрамында жүз ойын өткізу өте жақсы. Бұл көп пе, аз ба, білмеймін. Алдағы уақытта командада ойнап, пайдамды тигізуді жалғастырамын деген ойдамын.

- Осы жүз ойынның ішіндегі ең ерекше есте қалғаны қайсы болды?

- Әрине Еуропа Чемпиондар лигасы ойындарында атмосфера ұмытылмастай болады. "Марибор", "ХИК" командаларына қарсы ойындар есте қалды. Финдерге қарсы өткізген алғашқы кездесуде есе жібергенмен, қарымта матчта айтулы жеңіске қол жеткіздік.

- Астанада өзіңізді қаншалықты жайлы сезінесіз?

- Астана өз үйімдей болып қалды. Қызым балабақшаға барады, ұлым - мектепке. Көшеге шықсаң, жұрт бірден тани кетеді. Астана маған жайлы, осы клубтың намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын.

Жарнама

Живи спортом!