Елордалық "Астана" клубы Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында "Каспийге" қарсы кездесуге дайындықтарын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жаттығуларға "Тұранға" қарсы кездесуде алған жарақаттарына байланысты елордалық клубтың көшбасшы ойыншылары Тигран Барсегян мен Марин Томасов қатыспады.
Айта кетейік, "Астана" мен "Каспий" арасындағы матч 19-наурыз күні "Астана - Арена" стадионында өтеді.
Загрузка матч-центра...
Жарнама