auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астананың" капитаны болу - үлкен мәртебе - Ненад Эрич

"Астананың" капитаны болу - үлкен мәртебе - Ненад Эрич
Ненад Эрич. "Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" футбол клубының 2017 жылғы маусымдағы капитаны Ненад Эрич Қазақстан Суперкубогы үшін алматылық "Қайрат" командасына қарсы өтетін кездесу алдындағы баспасөз жиынында матч туралы өз ойымен бөлісіп, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

- Бізді қызықты әрі қиын ойын күтіп тұр. «Қайрат» командасы өте жақсы команда. Команданың бас бапкері, ойыншылары өз істерінің нағыз шеберлері. Ең бастысы ертең ауа-райы жақсы ойын көрсетуге, футбол ойнауға қолайлы болса болды. Біз барымызды салуға дайынбыз.

- Ненад, қақпашы ретінде «Қайрат» сапындағы қай ойыншыдан көбірек сақтанасыз?

- «Қайрат» командасының шабуыл шебінде ойнайтын барлық ойыншылар өте мықты. Исламхан, Аршавин, Исаел, Гоу... Бұл ойыншылар жалпы маусым бойында көп гол соғып жүрген ойыншылар. Сондықтан әрқайсысынан қауіп күтуге болады. Ертеңгі ойын кімнің мықты екенін дәлелдеуге тағы бір мүмкіндік.

- «Астана» командасының жаңа маусымдағы капитаны болу сізге қаншалықты маңызды?

- Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Чемпиондар Лигасы мен Европа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған ұжымның капитаны болу – үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Клуб басшылығы мен команда бапкерлері, ойыншылары, жанкүйерлері артқан сенімді ақтап, командамды алғи да алға жетелейтін боламын.

- Қазақстан Чемпионатындағы ең қауіпті шабуылшыны атай аласыз ба?

- Мен сізге екі ойыншыны айтайын. Бірі – Жерар Гоу, екіншісі – Джуниор Кабананга.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама