КПЛ
4 тамыз 2020 12:05

"Астананың" бұрынғы капитаны карьерасын Бірінші лигада жалғастыруы мүмкін

Таңат Нөсербаев. Сурет "Оқжетпес" сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасы мен елордалық "Астана" клубының бұрынғы капитаны Таңат Нөсербаев карьерасын Бірінші лигада жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы "Гол емес" телеграмм каналы жазып отыр. 

33 жастағы шабуылшыға "Махтаарал" командасы ұсыныс жасапты. 

Нөсербев жарты жылдан бері командасыз жүр. "Махтаарал" командасының басшылары футболшымен келіссөз жүргізген. Жақын арада шабуылшы нақты жауабын беру керек. 

Шабуылшының соңғы клубы "Оқжетпес" болған еді. Көкшетаулық команданың сапында ол өткен жылы 14 кездесу өткізіп, бес гол соқты. 

Айта кетейік, "Махтаарал" командасы бұған дейін Вячеслав Сердюков, Владимир Седельников және Ойбек Балтабаев секілді футболшыларды қатарына қосқан еді.